«№44 Сырдария жалпы орта білім беретін мектебінің» директоры Н.Амангельдиевтің мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңеске 2023-2024 оқу жылының І-жарты жылдығына берген есебі.
2023-2024 оқу жылының басында мектепте мектепалды даярлық тобында 18 оқушы, 1-11 сыныптарға 474 оқушы білім алады
Сондай-ақ мектепте қосымша бейнебақылау камераларымен жабдықталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің №2 Жарлығын орындау мақсатында 1-4 сыныптарында (бастауышта) 186 оқушы тамақпен қамтамасыз етілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары бойынша 5-11 сыныптар арасында 26 бала ыстық тамақпен қамтылуда.
№44 Сырдария жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесінде жалпы 212 бала тегін ыстық тамақпен қамтылуда.
Аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларына (97 балаға) оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер әперуге ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке есепшоттарына 40 мың 567 теңгеден (әр балаға) берілді. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпкерлердің демеушілігімен 14 балаға жәрдем көрсетілді.
Респбубликалық қоры есебінен – 44 бала қала сыртындағы лагерлерде демалып қайтты.
Сапалы оқыту және өздігінен оқып, білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Сондықтан оқу-әдістемелік жүйесін дамыту қашан да өзекті мәселе.
Осы бағытта аудандағы жетекші мектептер оқу-әдістемелік, ғылыми-практикалық, тәжірибелік әдістемелік қолдау шараларын үздіксіз жүргізеді. НЗМ ДББҰ, ПШО-ның тәртіптемесіне сәйкес PISA, мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу, тапсырмаларды әзірлеу және сараптау, бейін бойынша біліктілік арттыру курстарына жетекші мектептердің мұғалімдері біліктілік арттырды. Мұғалімдер 2023 жылы оқушылардың ғылыми-жаратылыстану және оқу сауаттылығын, сындарлы ойлауын дамыту, креативті ойлауын дамыту бойынша пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында:
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» –5 мұғалім;
Педагогикалық шеберлік орталығының базасында –2 мұғалім өз біліктіліктерін арттырды.
Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, олардың кәсіби және әдістемелік дайындығына байланысты, аудандық әдістемелік кабинеті тарапынан оқу ордаларына тұрақты түрде әдістемелік қолдау көрсетіліп тұрады. Мұғалімдерге көрсетілген әдістемелік қолдаулардың нәтижесінде білім алушылардың жетістігі артып отыр.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпаданың аудандық кезеңіне 5 оқушы марапатталды.
5-6 сыныптар арасында өткізілген аудандық олимпиадаға мектеп оқушылары қатысып, 4 оқушы жүлделі орын, 2 оқушы алғыс хатқа ие болды.
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінен 3 оқушы қатысып жүлделі (I, II,III) орын, 2 оқушы мадақтамаға ие болды.
Елбасының «Ел Үміті» бастамасын жүзеге асыру мақсатында өткен «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына 5-6 сынып оқушыларынан 2 оқушы жеңімпаз атанды.
Республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде білім беру ұйымдарынан 2-7 сыныптан 3 оқушы жүлдемен оралды.
Дарынды оқушыларымыз «М.Мақатаев оқулары» «Мағжан оқулары», «Жарқын болашақ «Менің кіші Отаным» сияқты байқаулардың аудандық кезеңдерінде жүлдемен оралып келді.
Биылғы оқу жылында мектепті 18 түлек бітірді. Оның 14 оқушы ҰБТ-ға қатысты. Оның 9 оқушысы грант иегері атанды. Алтын белгі 1 оқушы,үздік аттестат 2 оқушы
Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мектептерде 5 спорттық, 2 қолөнер, 3 пәндік 1 домбыра үйірмелері жұмыс істеуде.
PISA Халхаралық зерттеуіне мектебімізден
9-10 сыныптарынан 39 оқушы қатысты
4-9 сынып оқушыларын ББЖМ-ге дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
11сынып оқушыларын ҰБТ-ға қосымша дайындау шаралары жоспар бойынша жүргізілуде.
Пән бірлестік жетекшілерінің ұйымдастыруымен жоспар бойынша төмендегіше пән апталықтарының жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айында қазақ тілі пән бірлестігінің "Қараңғы қазақ төріне, Өрмелеп шығып, күн болам!" атты он күндік өтті.
Қазан айында орыс тілі пәнінің "Что за прелесть эти сказки!" атты он күндігі өтті.
Қараша айында ағылшын тілі пәнінен Enqlish is around the world онкүндік іс- шарасы өткізілді.
Он күндіктер барысында ұстасдар бірнеше тізбектелген сабақтармен сайыс сабақтарын жүргізді.
Сыныптар арасында Тәуелсіздік мерекесіне орай "Тәуелсіздік тұғырым" атты тәрбие сағаттар шеруі өтті.
Келес ауданының білім бөлімі мен аудандық ішкі істер бөлімімен бірге ағымдағы жылы тұрақты түрде түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Мектебімізде ата-аналар комитеті,Әкелер мектебі және Қоғамдық кеңес құрылып жұмыс атқаруда.
Мектебіміздегі атқарылған барша іс- шаралар әлеуметтік желілерге жариаланып отырды.
Келес ауданы адами әлеуетті
дамыту бөлімі
басшысының
"------"-------------------------2022ж
№---------------бұйрығына
-------------қосымша
№44 "Сырдария" жалпы орта білім беретін мектебі"
қамқоршылық кеңесінің құрамы
|
р\с |
Қамқоршылық кеңес мүшесінің толық аты-жөні әкесінің аты |
Қамқоршылық кеңесінің жұмыс орны |
Келісімі |
|
1 |
Көбеев Қабылбек Елемесұлы
|
"Келес өзенінің сағасы" гидробекетінің қызыметкері. |
|
|
2 |
Керімбаев Таубай |
Зейнеткер (ата-аналар комитеті ұсынған білім алушының әкесі) |
|
|
3 |
Халов Манас Мекенбайұлы |
Уақытша жұмыссыз (ата-аналар комитеті ұсынған білім алушының әкесі) |
|
|
4 |
Сахыбаева Менюра Жумадиллаевна |
«Нұр Сауле» бала бақшасында тәрбиеші болып қызымет атқарады |
|
|
5 |
Селтанов Ералы Сапарович |
Келес ауданы бойынша білім,спорт және бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ төрағасы |
|
|
6 |
Ажиханова Оралкул Ергешқызы |
Зейнеткер (ата-аналар комитеті ұсынған білім алушының анасы) |
|
|
7 |
Есбаев Сағынтай Үсенұлы |
Ақтөбе ауылы ПБ учаскелік полиция инспекторы болып қызымет атқарады |
|
|
8 |
Әбдолла Жұмаділ Байжанұлы |
«Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімі апараты» статист қызыметкері |
|
|
9 |
Бәкір Айтқазы Әбуұлы |
«Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімі апараты» инфраструктура мәселелері жетекші маманы болып қызымет атқарады |
|
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | ХАТТАМА №2 |

