№ 44 «Сырдария» жалпы орта мектебінің педагог - психологтарының
2022-23 оқу жылында жүргізген жұмыстары туралы есеп.
- Психологиялық диогностика.
1 - сынып оқушыларының мектепке дайындығын анықтау мақсатында Керн Йирасек тесті алынып 46 –оқушы қатысты, жақсысы-22,ортасы -17, төмені-4 болып нәтижелері шығарылды. Бастауыш буыннан орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында 5 сынып оқушыларына «Мектепке қарым – қатынасым»сауалнамасы, «Менің сыныбым» әдістемесі жүргізілді және қорытындысы сынып жетекшіге берілд. 5-11 сынып аралығында оқушылардың оқуға бейімділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.Сауалнамаға жалпы 269 оқушының , 231 оқушы қатысып нәтижесін шығарып анықтамалары жазылды.
Бестерек жобасы бойынша «Кабинеттік талдау» жасалынды. Әлеуметтік педагогтан әлеуметтік жағдайы бар 130 -оқушылардың тізімі алынды.Сынып жетекшілерден оқушылардың үлгерімі,тәртібі және әлеуметтік желілерді қадағалауы туралы мәлімет алынды. «Менің отбасым» тақырыбында,5-7 сыныптар аралығында,«Менің ең жақын досым» 8-9 сыныптар аралығында, «Менің арманым» тақырыбында 10-11сыныптар аралығында эссе алынып,эссеге 246 оқушы қатысып,«Үй ,адам ,ағаш» әдістеме бойынша 236 оқушы қатысты. Талдау бойынша қорқынышы басым -5,отбасылық-6, болашаққа -10, агрессивті-2 .Мектеп ішілік «Тәуекел тобына » тіркелген оқушылардың жалпы саны жасылда-130 оқушы ,сарыда-3 оқушы ,қызылда –жоқ.
5 – 11 сынып арасында оқушылардан Жасөспірімдерге арналған сауалнама «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» алынды және қорытындысы жасалып сынып жетекшілерге берілді.
9 – 11сынып оқушыларының ата –аналарына « Ата –ана және бала» тақырыбы тренинг өттім.Мақсаты:Ата –ана мен бала арасындағы достық пен сүйіспеншілік қатынастың нығаюына ықпал жасау. Баланы жанұя алдындағы жауапкершілікті сезіне білуге баулу.
1 - сынып оқушыларына танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында «Кім жылдам», «Ойлап тап»жаттығулары жүргізілді. 2-4 сынып оқушыларына «Бестерек» жобасы бойынша әдістеме «Менің отбасым» арттерапия жүргізілді.
9 – 10 – 11сынып оқушыларына 2005жылғы ер балаларға жекелік мінездеме дайындауда «Айзенк» тесті алынды. 5 -11сынып оқушыларына «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі алынды. ҰБТ –алдында.
11-сынып оқушыларымен «Өзіңді бақылай аласыңба?» , «Менің көңіл күйім»тесті алынды, әңгіме жүргізілді.
ҰБТ –алдында 11-сынып оқушыларымен 2022жылдың қаңтар-маусым айларында жүргізілген жұмыстар «Стресс» , «Эмоция»тесті алынды, әңгіме жүргізілді. ҰБТ–ға баратын 11 сынып оқушыларына ҰБТға дайындық барысында «Стресс» сауалнамасы алынап қортындысы шығарылды. Қортынды бойынша 21-оқушы қатысып , қобалжуы басым, шамалы қобалжимын, қобалжымаймын деген оқушыларға психологиялық көмек беріп, бағыт –бағдарлар беріліп отырылды. «Менің құндылықтарым» тақырыбында тренинг сабақтар өтіліп, видеио ролик көрсетіліп , түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Сенім мен алға» тақырыбында 11-сынып оқушыларымен ашық тренинг сабақ өткізілді. 11-сынып оқушыларының ата-аналарына видеио роликтер көрсетіліп, «Баланы оқыту барысындағы қиындықтарды шешу жолындағы психологиялық әдістерді қолдану» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, кеңестер беріл «Сенім мен алға» тақырыбында 11-сынып оқушыларымен ашық тренинг сабақ өткізілді. «Моральдық тұрақтылық» тесті алынды. 11-сынып ата-аналарымен «Сіз қандай ата – анасыз?»сауалнамасы алынды.Үлгермеуші оқушылардың ата-анасымен байланыс жасалынды, қажетіне қарай тренингтер өткізілді.
9 -сыныптар арасында «Кәсіби бағдар » бойынша мамандық таңдауға бейімділігін анықтау. « Д .Голомошток әдістемесі» , «Мамандыққа икемділікті » анықтау тесті алынып қортындысы шығарылды. Қортынды бойынша 15-бағытта талданып шықты .Биылғы оқу жылында физика , әскери , спорт қызығушылықтары басым оқушылар көп болды.ОЖСБ 9-сынып оқушыларымен әңгімелесу, жұмыстары жүргізілді «Мамандықтың бәрі жақсы»тақырыбында тренинг жүргізілді.Бейімдік бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп,тест алынды.
2.Психологиялық түзету –дамыту. 1 -4 сынып оқушыларына «Сөмкені жинау», «Неден жасалған», «Көрпені жамау», «Сиқырлы сандық» жаттығулары жүргізілді. 4- сынып оқушыларына бала бойындағы мазасыздануды жеңу жолдары бойынша ойын жаттығулары жүргізілді. Жоғары және орта буын оқушылар арасында аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу бойынша жұмыстар «Өз көңіл –күйіңді қалай басқаруға болады?» видеролик көрсетілді.Жоғары және орта буын оқушыларына 5-11сыныптарға «Жақсылық жасаушыға 7өсиет» тақырыбында мини лекция оқылды. 9 – 11сынып оқушыларына «Балалар қуанышы – ел қуанышы» ,6 – 11 сынып оқушыларына «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек»тақырыбында тренингктер жүргізілді. «Ұжымдағы достықты қадірлеуге арналған психологиялық» ,« Көңілді көтеріңкі ұстаздың,еңбегі де жемісті!» тренинг сабағы жүргізілді.
9 – 11сынып оқушыларының ата –аналарына « Ата –ана және бала» тақырыбы тренинг өттім.Мақсаты:Ата –ана мен бала арасындағы достық пен сүйіспеншілік қатынастың нығаюына ықпал жасау. Баланы жанұя алдындағы жауапкершілікті сезіне білуге баулу.
Ата - аналарға «Зорлық – зомбылықтан қорғау үшін ата – ана нені білуі тиіс»тақырыбында баяндама оқылды. «Ата – ана бала тәрбиесінің айнасы»тақырыбында тренинг жүргізілді. Ата –аналармен әңгіме жүргізіп, «Сіз қандай ата –анасыз»сауалнамасы алынды.
Мұғалімдер мен ата –аналар балаларды тәрбиелеу барысында проблемаларды шешуде түзету жұмыстары жүргізіліп отырылды.Үлгермеуші оқушылардың ата-анасымен байланыс жасалынды, қажетіне қарай тренингтер өткізілді
- Профилактика және психологиялық ағарту. «Оқушалардың қоршаған ортасында жағымды ахуал орнату жолдары» тақырыбында психологиялық апталық өтілді. « Жақсы көңіл –күй тақтасы» 5-11 сыныптар , «Үміт сенім бізді алға жетелейді», «Мінез адам көрсеткіші» 6-8 сыныптар оқушыларына тренинг сабақтар жүргізілді, «Көңілді көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» ұстаздарға тренинг сабақ, «Шәкірттің жүрегінен орын алған ұстаз » оқушылар тілек жазды. «Бақытты бала саналы ата-ана» ата-аналармен тренинг. «Әлеуметтік желінің пайдасымен зияны» пікір талас. «Бала сезімінің қыры мен сыры» бастауыш сынып оқушыларына. «Өмірің тәтті болсын» ұстаздармен оқушыларға психлогиялық акция ұйымдастырылды.
Педагогикалық ұжым арасында психологиялық қызмет туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдерді оқушылардың жас ерекшеліктерімен таныстырылды.Ата-аналар арасында психологиялық қызметтің мазмұны мен мақсаттары жөнінде түсіндірме жұмыстары алып барылды. Оқушылар арасында психологиялық қасиеттер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді ( дөңгелек үстел, әңгіме). Ата –аналармен әңгіме жүргізіп, «Сіз қандай ата –анасыз»сауалнамасы алынды.
«ҰБТ -2023» және «ББЖМ -2023» сынақтарының алдындағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жөнінде пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі мен ата-аналар арасында ағарту-түсіндіру жұмыстары ай сайын жүргізілді.
8 – 11сынып қыздарына «Ерте жүктіліктің жасырын жақтарын білесіңбе?»видео ролик көрсетілді. «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны»тақырыбында баяндама оқылды. 8 -11 сынып оқушыларына «Зиянды әдет – қоғамдық дерт»видео ролик көрсетілді, «Салауатты өмір салты» тақырыбында пікірталас сайысы болды.Мақсаты: Адам өмірдегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 8 – 11 сынып қыздарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
4.Консультация беру.
«5 –сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» жөнінде сынып жетекшілерге,пән мұғалімдеріне,ата- аналарға бағыт бағдар берілді.
Жоғары және орта буын оқушылар арасында аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді,бағыт бағдарлар беріліп отырылады. «Әлемге күлкіңді сыйла» ,8-9 сыныптар аралығында «Мен өмірге ғашықпын» тақырыбында тренингтер жүргізілді.Аутодеструктивті мінез –құлықтың алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді.5-11 сынып қыздарына «Қыз тәрбиелей отырып –ұлт тәрбиелейміз», «Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында тренингтермен пікір талас жүргізілді.
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша ата –аналар мен мұғалімдерге «Ұлт болмасын десең, ұл – қызыңды тәрбиеле»тақырыбында видео ролик көрсетілді. «Қыз бала ұлттың ұяты,халықтың шырайы»тақырыбында пікірталас,сұрақ ,мини лекция оқылды.
5 -11сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасында зорлық –зомбылықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, «Креатив», «Сағат бойынша достар», «Көңілді қимылдар» жаттығулары жүргізілді.
Жас мамандармен «Сабақта кездесетін қиындықтарды жеңу жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Жас ұстазға кеңес» тақырыбында баяндама оқылды.
Ұйымдастыру – әдістемелік жұмыс
Әскери есепке тұратын 2005жылғы ер балалардан сауалнама алынып, мінездеме жазылды.
Педагог – психолог: А. Толегенова.

